Бүгін президент Дмитрий Медведев Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеп, басқа елдерді де осындай қадамға баруға шақырды.
Теледидардан сөйлеген сөзінде Медведев шешім қабылдағанда “осетин мен абхаз халықтарының тілектерін ескеріп, БҰҰ-ы Жарғысының ережесі мен халықаралық ереженің принциптері туралы 1970 жылғы декларация сынды құжаттарды басшылыққа алғанын” мәлімдеді.
Кеше Ресей парламентінің қос палатасы да президентті 2 республиканың тәуелсіздігін мойындауға шақырған үндеу қабылдаған болатын.
Грузия Мәскеудің бұл шешімін “ашықтан ашық аннексия” деп бағалады.
Ресейдің бұл қадамына бірқатар Батыс елі – оның ішінде Ұлыбритания мен Франция және Германия наразылықтарын білдірді.
Еуропа комиссиясы Мәскеудің шешімі Грузияның егемендігі мен территориялық тұтастығын мойындаған БҰҰ-ның Қарарына қайшы келетінін атап көрсетті. Осы айдың басында Грузия Оңтүстік Осетияға конституциялық тәртіп орнату үшін Цхинвалиге басып кіргенде, Ресей Оңтүстік Осетияға өз әскерін орналастырды.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Ресейдің әрекетін “өкінішті қадам” деп атады.
Ал Ресей НАТО-мен қарым-қатынасын жартылай доғарады. Бүгін Мәскеуде өткізген баспасөз-маслихатында Ресейдің НАТО-дағы тұрақты өкілі Дмитрий Рогозин осылай деп мәлімдеді.
Рогозин, сонымен қатар, НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің Ресейге қазан айына жоспарланған сапары да болмауы мүмкін деп ескертті.
Ресей, сондай-ақ, “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасы шеңберінде НАТО-мен бірге қол қойған келісімге қатысудан да уақытша бас тартады.
Оған қоса Д.Рогозин бітімгершілік операциялары саласындағы НАТО-мен бірлескен іс-қимылын жарты жылға тоқтатуды ұсынады.
Мұның алдында АҚШ пен Еуропа Одағы Ресейді Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындамауға шақырған болатын.
Ресей парламенті палаталарының президент Дмитрий Медведевке 2 республиканың тәуелсіздігін мойындауды өтінген үндеу жолдауына АҚШ президенті Джордж Буш қатты алаңдайтынын мәлімдеді. Буш Кремлден Грузияның территориялық тұтастығын құрметтеуді талап етті.
Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті ол құжатқа қол қоймайды деген үмітін білдіріп, қол қойылса Кавказ аймағындағы ахуалды ушықтырады деп ескерткен еді.