31 тамыз күні Ingushetiya.ru атты оппозициялық веб парақша иесі Магомед Евлоев басына тиген оқтан ауруханада қаза болды.
Содан бірнеше сағат қана бұрын, Мәскеуден келген ұшақтан шыққан оны, Назрань қаласында Iшкі істер министрлігінің жасағы тұтқындаған болатын. Бұл келіс - Евлоевтың бірнеше жылдан бергі жасаған алғашқы сапары еді.
Ол 1971 жылы Шешен-ингуш аутономиясының Малгобек деген жерінде дүниеге келген еді. Заң қызметкері мамандығына ие болғаннан кейін Евлоев 1993-1999 жылдарда Ингушетияның бас прокуратурасында қызмет еткен болатын.
Ал 2001 жылы жеке іскерлік жұмысымен айналысып, 2002 жылы аталған веб сайтты ашқан еді. Алғашқы жылдары бұл вебсайт негізінен Ингушетия мен Солтүстік Осетия арасындағы Пригородный ауданы үшін болған дауға баса назар аударып жүрді. Кейінірек вебсайттың нысанасы өзгеріп, ол 2002 жылы билікке келген жаңа президент Мурат Зязиковтың ел басқару тәсілдерін сынға ала бастаған болатын. Оның қатарында Зязиковтың елді экономикалық тығырықтан шығара алмауы, халықтың әлеуметтік проблемаларын оң шеше алмауы, Мәскеуге жалған табыстар жөнінде өтірік ақпараттар беруі сияқты мәселелер бар еді.
Әсіресе Ингушетия үкіметінің сайлаулар қорытындыларына байланысты жариялаған өтірік ақпараттары халықтың ашу-ызасын туындатқан болатын. Мысалы 2007 жылдың желтоқсанындағы Ресей мемлекеттік думасына сайлау және Ресей президенттігіне сайлауда, сондай-ақ 2008 жылдың наурыз айында болған Ингушетия парламентіне сайлауда ингуш сайлаушыларының берген даусын өсіріп жазуы төзімді тауысқан болатын. Бұл мәліметтердің жалғандығын дәлелдеу үшін Ingushetiya.ru сайты сайлаушылардың даусын жинай бастаған-тын.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында аталған веб сайт президент Зязиковтың қызметінен кетіп, оның орнына бұрынғы президент Руслан Аушевтің қайта оралуын талап еткен қолдарды жинай бастаған еді. Бұл ұсынысты жақтап, 80 мыңнан аса адам қол қойған талап хат өткен тамыз айының басында Кремлге жеткізілген-тін.
Ал енді вебсайт тағдыры жайлы айтар болсақ, ұзақ жылдан бері ресмилер оның жұмысын күштеп тоқтатуға тырысып келген еді. Мысалы 2007 жылдың тамыз айында Солтүстік Осетия бас прокуратурасы бұл Ingushetiya.ru сайты этникалық қақтығыстарға үндейді деп, оның жабылуын сұрап арыз түсірген болатын. Ол арызды Ресей Жоғарғы соты қабылдамай тастаған еді. Сол жылдың күзінде сайттың бас редакторы Роза Малсагова қысым астында бұл қызметінен бас тартуға мәжбүр болды. Таяуда Франциядан саяси баспана алған Роза сайттың жұмысын жалғастыра беруге уәде еткен еді.
Осы жылдың көктемінде Ингушетия ресмилері Магомедті бұл веб сайтын жабуға көндіруді оның әкесінен сұраған болатын. Әкесі ондай тапсырманы орындаудан бас тартты. Содан кейін осы жылдың маусым айында Мәскеу аудандық соты ресми түрде Ingushetiya.ru сайтына тыйым салған болатын. Алайда сайт өз жұмысын жалғастыра берді. Ал тамыздың 22-дегі мәлімдемесінде Ingushetiya.ru сайты Ингушетия президенті мен ішкі істер министрін халыққа қарсы азамат соғысын бастамақшы деп айыптаған болатын.
Ресми хабарларға қарағанда, Евлоевке İшкі істер министрлігіне апара жатқан жолда абайсызда оқ тиген. Мұндай мәліметтен кейін Ingushetiya.ru да, Ingushetiya.орг сайттары да оқырмандарға ашылмай тұр.
Бұл өлім 480 мыңдай халқы бар Ингушетияны басқара алатынына Мәскеуді сендіру үшін президент Зязиковтың Кремль алдында талай әрекеттерге баруына әкелуі мүмкін дейді сарапшылар.
Назранның орталық алаңында осы өлімге наразы мыңнан аса адам қыркүйектің 1-і күні шеруге шықты.