Өзбекстан сыртқы істер министрі ЕуроОдақты қос стандартты саясат ұстануда деп айыптады.
2005 жылғы Әндіжан оқиғасын қанды қырғынмен басқаны үшін Өзбекстанға қару тасымалына орай ЕуроОдақ тарапынан тыйым салынған болатын. Уақытша түрде тоқтатылған виза бермеу тыйымы да- Өзбек ресмилері үшін әлі күшінде.
Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норов Брюсселде ЕуроОдақ ресмилерімен кездескен еді. Оның барысында министр “екіжақты бағыт ұстануда” деп Еуропа Одағын айыптады. Орта Азияның өзге елдеріндегі адам құқын таптау жазаланбай келеді деген пікір айтты ол.
Өзбек үкіметі Әндіжан оқиғасын басып-жаншудағы әрекеттерінің себебін қазіргі үкіметті құлатып, орнына Ислам билігін құрғысы келгендердің алдын-алдық деп түсіндіруге тырысып келеді. Сөйлесулерден кейін Норов мырза ЕуроОдақ Өзбекстанға құрметпен қарауы тиіс деді.
Ең басында ол тыйымдар Әндіжан оқиғасына халықаралық деңгейде тергеу жүргізуге ресми Ташкенттің рұқсат бермеуіне орай салынған болатын. Бұл шарт 2007 жылы өзгертіліп, Өзбек үкіметінен адам құқықтарының сақталуын жақсарту талап етілген еді.
Аталған тыйымдар қарашаның 13-де күшін жояды. ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері бұл сауалды қазан айында талқыламақшы.
Брюсселдегі дипломаттар пікіріне қарағанда, қару-жараққа тыйым күшінде қалып, виза тыйымы алынып тасталуы мүмкін. Мұндай шешімді жасау үшін ЕуроОдақ бірауызды болуы тиіс дейді әлгі дипломаттар. Мысалы Франция және Германия, сондай-ақ басқа да біраз елдердің пікірінше, ЕуроОдақтың талаптарын орындау үшін ресми Ташкент қажетті дәрежеде әрекет етіп отырған жоқ.
Жан-Пьер Жуйе- Францияның Еуропа істері бойынша мемлекеттік хатшысы. Ол Ташкентке шілдеде сапармен барды. “Мен онда ілгерішіл қадамдарды байқадым. Норов мырзаның бастауымен міндеттемелердің іске аса бастағандығын аңғардым. Бұл жерде атқарылуы тиіс әлі талай істер бар. Өзбек ресмилері оларды жүзеге асырады деп сенемін”,- деді мемлекеттік хатшы.
Жуйе мырза ресми Ташкенттің өлім жазасын алып тастап, кейбір саяси тұтқындарды босатқанын сейсенбі күні қызу қуаттады. Дей тұрғанмен, барлық мәселеде тараптар келісімге келіп отырған жоқ деді ол.
Норов өз тарапынан “қазіргі кезде ЕуроОдақпен адам құқы бойынша әңгіме жүргізіп отырған Орталық Азиядағы жалғыз ел-Өзбекстан” деген пікірін жеткізе келіп, “ЕуроОдақ өз шарттарын Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жасауы тиіс”,- деді.
Ол ЕуроОдақтың былтырғы жылы қабылдағын “Орта Азиядағы стратегия” жоспары Өзбекстанның қатысуынсыз жүзеге аса алмайды деген пікірін де білдіре кетті. Бұл құжат ЕуроОдақтың Орта Азияда Ресей, Қытай, АҚШ-пен қатар ықпалға ие болу жолындағы атқарып жатқан шараларының бір бөлігі ғана.