Белгілі бір кітапты оқығаны үшін түрмеге отырғызатын заман қайта келді ме деп қаласың. Бірақ, «данышпандар» Рахат Әлиевтің кітабына неғұрлым тыйымды күшейткен сайын, соғұрлым оны оқығысы келетіндер де көбейе бермек.
«ӨКІЛ ҚАЙЫН АТА» - ВИРТУАЛДЫ АБАҚТЫҒА ТОҒЫТЫЛДЫ
Рахат Әлиевке қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының шешімі ешкімді де таңдандыра қоймас.
Бұл — биліктің өзіне арнап ор қазған адамға қарсы заңды әрекеті. Табиғи қимыл. Ұтымды қимыл. Қырық жылдық қамау мерзіміне Рахат Әлиев тағы бір қырық, мүмкін одан да көп жылды жамап алар.
Ал, Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабына Бас прокуратураның істегені ешкімнің ойына келмеген керемет шешім болып табылады. Мемлекет кітапты адам дәрежесімен теңестірді.
Кітапқа қылмысқа қатысушы мәртебесі берілген. Кітап тұтқындалып, виртуалды абақтыға тоғытылды.
САМИЗДАТТЫ ОҚЫҒАН АДАМДЫ ҮШ ЖЫЛҒА ТҮРМЕГЕ ҚАМАЙТЫН
Мені бұл жағдай айрықша күйге түсіргенін несін жасырайын, сол күйді реинкарнациялық жолмен өткенге оралу дер едім. Мені бір күш 1960-ыншы жылдың соңына, 1970-інші жылдың басына алып кетті.
Есімде, мен Солженицынның «В круге первом» кітабын қалтама салып жүретінмін. Оны достарыма апаратынмын. Сосын, қайсыбір питерлік ортада «Архипелаг ГУЛАГ» кітабын ұжым болып оқуға қатысқанмын.
Еш ұялмай-ақ, таныстарыма тыйым салынған Николай Гумелевтің өлеңдерін тарататынмын. Енді біреулерге Андрей Сахаровтың хатын беретінмін. Қысқасы, жартылай бұзақы, жартылай партизандық ғұмыр кештім. Ол заманда ондай өмір салтын ұстанған адам оп-оңай үш жылға түрмеге кесілетін. Сол айтқандай, менің таныстарымның көбісі самиздат үшін мерзім арқалап кетіп жатқан еді.
Тура сондай сергелдең 1970-інші жылдары Қазақстанда да болды. КГБ (мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің) империясы мен секілділер үшін Саяси бюродан қосымша бюджет сұрайтын. Тыйым салынған әдебиетпен күресу жолында талай адам мансабын өсірді. Мемлекеттік қауіпсіздік офицерлерінің иықтарына жұлдызша тағылып, қызметі өсті, еңбекақысына үстеме ақы қосылды. Контораға біз қажет болдық.
Реинкарнация мені советтік тоқырауға апарып топ еткізді, бірақ, тез арада бүгінгі қазақстандық ғажайыптарға қайтарды.
ЮРИЙ АНДРОПОВТЫҢ ІЗІМЕН
Рахат Әлиев жаңа самиздат заманының қаһарманы боламын деп ойламаған еді. Билік өз қолымен оның ғұмырын ұзартуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін кітап [Рахат Әлиевтікі] «бүкіл таралымымен, тұтас мәтінімен қоса алғанда қылмыс заты және заттай дәлелдеме болып танылған».
Кітапта баяндалатын әңгіме тұтасымен - санмиллиондаған қитұрқылықтардан бастап, президенттің жеке өмірінің шындықтарына дейін - мемлекеттік құпия деп жарияланған.
Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де өз еріктеріңізде. Сүйегі баяғыда қурап қалған Юрий Андроповтың, менің білуімше, Қазақстанда ешбір жекжаты болмаған. Алматыда оның ізі қалмағаны айқын.
Бірақ, жергілікті контора өз-өзінен оның ізін жалғастыруға көшті. Тура аузынан түскендей. Биліктің бетін аймандай қылатын осындай зымияндық қарекетті ойлап табатын адамдар бір рет болса да көзге көрінсе ғой, шіркін. Мұның арты немен аяқталары ақылға симайды.
Әйтсе де, мұндай мың құбылған әзәзілдік «ұлы да құдыретті, мәңгілік мызғымас» дәуірде бастан өткендіктен, оның аяғы не боларын елестету онша қиын емес те.
Көлеңкелі бизнестің білгіштері болса Рахат Әлиевтің кітабының бағасы қара базарда қандай қарқынмен өсетінін қазірдің өзінде болжап отыр.
Ал, президенттің төңірегіндегі ең жақындары мен сенімділері, Құдай біледі, қолына кітапты ұстап тұтылатын алғашқы адамды күтіп, алақандарын ысқылап отыр. Қожайын бөтеннің қармағына ілінген кезде, оған өз дегеніңді жасату да оңай болмақ.
«ӨКІЛ ҚАЙЫН АТАНЫ» АЛАҢҒА АПАРЫП ӨРТЕЙ МЕ?
Ендігі, мәселе кітапта да, оның мазмұнында да емес. Қазір мәселе мемлекеттің өз қоғамына, қала берді, бүкіл әлемге жариялаған соғысында.
2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселесі қайтадан шиеленісе бастады. Неғұрлым кітапты қуғындаған сайын, соғұрлым жұрттың оны оқуға аңсары ауа бермек.
Ал, Рахат Әлиев болса, әлем деңгейінде, әсіресе отанында мынадай шу көтере алғанын көрген соң, білегін сыбанып, келесі кітапқа кіріседі. Өйткені, ол Азаттық радиосына берген сұхбаттарында кітапқа сыймай, пайдаланылмай қалған құжаттарының көп екенін жиі айтатын.
Автордың белсенділігіне Астанадағы билік ойға келмейтін тапқырлықпен жауап қайтаруға тырысуда. Сол тапқырлардың аты-жөнін жариялаған жөн болар еді. Себебі, мемлекеттік «данагөйліктің» қайнар көзін халық білуге тиіс.
Шынына келгенде, Гришин, Кириленко секілді Саяси бюроның құдіретті мүшелері және олардың Бас хатшысы Леонид Брежнев диссидент кітабы туралы мәлімдеме жасаған емес, ал, әлиевтік дастанға қатысты Бас прокуратураның өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеме жасады.
Ол Астанада өткізілген брифинг үстінде: «Кітапты иеленуге және таратуға атсалысқан Қазақстан азаматтары қылмыскер Рахат Әлиевке көмектескен адам ретінде қылмыстық жауапқа тартылатын болады», - деп мәлімдеді.
Сабырға бой бермей, ырыққа көнбеген өшпенділік сезімге салсақ, келесі қадам - Қазақстан астанасындағы президент сарайының алдында «Өкіл қайын атаны» алаңға шығарып, халықтың алдында өртеу болуға тиіс.
Өзінің шығармасы жұрттың көзінше президент сарайының алдында өртелуі мүмкін екендігін естігенде Рахат Әлиев салған жерден ол идеяны тың ұсыныспен толықтырды: жазалаушылар қолдарына алау ұстап шеру жасап, кітапты түнде өртегендері жөн.
(Журналист Александр Народецкий бұл мақаласында өзінің көзқарасы мен байламын айтады. Ол Азаттық радиосының позициясымен сәйкес келмеуі мүмкін).