AzattyqTV Баспана үшін өзін құрбандыққа шалмақшы болды 29 шілде 2009 жыл, 13:56 Алматыдағы Дархан ықшам ауданының тұрғыны Айдар Сәйдеков үстіне жанармай құйып, өзін-өзі өртемек болды. Ол осылайша өзін және отбасын баспаналарынан күштеп шығаруға келген сот орындаушыларына қарсылық танытты.