Астананың арғы беті. Опера және балет театрының жатақханасы.
Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Астанада 2000 жылы ашылды. - Национальный театр оперы и балета имени Куляш Байсеитовой появился в Астане как один из атрибутов новой столицы. На сцене - Олжас Махамбеталиев и Мадина Онербаева.
Сахнада - көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Махамбетәлиев пен Мәдина Өнербаева. Олар жатақханада тұрад - На сцене - Олжас Махамбеталиев и Мадина Унербаева, лауреаты многих международных конкурсов. Они живут в общежитии.
Театрға 1963 жылы салынған жатақхана берілген. Әртістерге екі жылдан кейін пәтер береміз деп уәде еткен болатын. - Театру было предоставлено общежитие, построенное в 1963 году. Артистам обещали, что они получат свои квартиры за два года.
Бірақ әртістер жылуы жоқ, жағдайсыз жатақханада жылдар бойы тұрып келеді. Әр бөлменің алдында кір кептіргіш. - Сушилки для белья расставлены почти возле каждой двери в общежитии театра оперы и балета. Астана, 13 января 2009 года.
Балет бишісі Бақыт Аңсабаев ас бөлмеде тағы да су жоқ екенін айтуда. Астана, 13 қаңтар 2009 жыл. - Артист балета Бахыт Ансабаев показывает, что в кране на общей кухне опять нет воды. Астана, 13 января 2009 года.
Жатақханада «су мен жылу уақытша тоқтатылды» деген хабарландыру қашан болса да ілініп тұрады. - Объявление в общежитии гласит, что будут "временные перебои с поставками воды и тепла".
Бұл қыз коммуналдық төлемдер түбіртегін таратуда. Онда су, жылу мен жарықтың ақысы толығымен есептелген. - Девочка разносит квитанции для оплаты коммунальных расходов. Счета за воду, тепло и свет взыскиваются в полном объеме.
Әртіс Елена Безбородова зеңденіп кеткен жатақхана қабырғаларын күнде хлормен тазалайды. - Актриса Елена Безбородова говорит, что стены в общежитии покрыты плесенью. Она чистит хлоркой плесень еженедельно.
Қабырғаларға саңырауқұлақтар шығуда, зеңдерді жою мүмкін емес. - Грибки появляются на стенах в комнатах вновь и вновь, несмотря на борьбу с ними самих жильцов. Плесень неистребима.
Жатақхана бөлмелерін осындай жабайы жылытқыштармен жылытпаса болмайды. - Комнаты в этом общежитии обогреваются вот такими примитивными электрическими обогревателями.
«Щелкунчик» спектаклі болатын 9-қаңтар күні әртістер уәде етілген пәтерді талап етіп жұмысқа шықпай қойды. - Артисты театра 9 января не вышли на работу. Балет «Щелкунчик» отменен.
Опера және балет театрының жұлдызы Мәдина Өнербаева күйеуі және тоғыз айлық қызы Айшамен бірге жатақханада тұрады. - Мадина Унербаева – восходящая звезда театра оперы и балета живет в общежитии с девятимесячной дочерью Айшой и мужем.
Мәдина Өнербаеваның басты рөлдерінің бірі —«Баядерка» спектакліндегі Гамзати. Бірақ әртістердің сахнаға шығу-шықпауы белгісіз. - Oдна из главных ролей Мадины Унербаевой - Гамзати в спектакле "Баядерка". Но неизвестно, выйдут ли артисты на сцену.
Әртістер Олжас Махамбетәлиев пен Мәдина Қадырманованың отбасы. Олар осы жерде үйленген, қыздары Алина да осы жерде туылған. - Семья артистов Олжаса Махамбеталиева и Мадины Кадырмановой. Они живут здесь с 2003 года. Здесь они поженились и здесь же в Астане родилась их дочь Алина.
Балет бишісінің 3 жасар қызы Алина балерина болуды армандайды, әзірге ата-анасы оны балабақшаға орналастыра алмай отыр. - Алина – дочь артистов балета также мечтает стать балериной. У артистов не хватает зарплаты, чтобы оплачивать услуги частного детского сада. А чтобы получить место в муниципальном детском саду нужно заплатить тысячу долларов, говорят родители девочки.