Қазақстан үкіметі атом саласын ретке келтіріп, бұған дейін қабылданған конвенциялардың барлығына тексеру жүргізу керек деп мәлімдеді сенатор Ғани Қасымов.
Депутаттың пікірінше, бұл жағдайға бүгін көңіл аударылмаса, ертеңгі күні Қазақстанға қарсы «енгізілуі мүмкін санкцияларға» кезігуге тура келеді. Қасымовтың бұл мәлімдемесі өткен жылдың соңында уранның заңсыз саудасы төңірегіндегі халықаралық жанжалдан кейін айтылып отыр.
Бұған дейін, 2009 жылы желтоқсан айында, Ассошиэйтед Пресс агенттігі Иран Қазақстаннан 1350 тонна тазартылған уран сатып алғысы келеді деген мәлімет жариялаған болатын. Қазақстан және Иран бұл мәліметте жоққа шығарып отыр.