Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаеваға іздеу жарияланды. Бұл туралы жұма күні Астанада бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков хабарлады.
Мешімбаева халық санағынан кейін шыққан дау барысында өткен жылдың қазан айында қызметінен кеткен болатын. Маусым айында халық санағына бөлінген ақшаны жымқырды деген айып бойынша статистика агенттігінің басшысының екі орынбасары қамауға алынған-ды. Қаңтардың 13-де қаржы полициясы дәл осындай айыппен Анар Мешімбаеваның үстінен қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.