Прагада ұмыт болған әйгілі совет танкісінің тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қаматай Тоқабаев Прагадағы мерекелік іс-шараға келіп жетті. Ақсақал 65 жыл бойы лейтенант Гончаренконың Прагада қалған әйгілі танкісін көруді армандап келген. Ардагер Праганы азат етуге қатысқан. Оның майдандасы лейтенант Гончаренко дәл сол 1945 жылғы мамырдың 9-ы күні болған ұрыста қаза тапқан.
Лейтенант Иван Гончаренконың "Т-34" моделді танкі 1945 жылғы мамырдың 9-ындағы Праганы азат ету ұрысынан соң. Танктің борт нөмірі совет идеологтары айтқандай 23 емес, 24 болған екен.
Лейтенант Иван Гончаренко мінген танк Праганы азат еткен ұрыстан соң біраз зақымданып қалды. 9 мамыр 1945 ж.
Прагада совет танкистеріне ескерткіш қойылып жатыр. 29 шілді 1945 ж. Тұғырға мүлдем басқа танк қойылып, "лейтенант Гончаренко мінген машина - осы" деп жариялады советтік үгіт-насихат шеберлері.
Прагадағы совет танкистерінің ескерткіші. Тұғырда "ИС-2" модельді, 24-ші нөмірлі мүлдем басқа техника тұрғаны анық байқалады.
Совет танкистерінің ескерткіші сұйық қызыл түске боялып, советтік миф сейілген күн. Прага, 28 сәуір 1991 ж.
Совет танкісіне қойылған ескерткішті мазақтайтын сиыр мүсіні. Прага, 2004 жылдың жазы.
Совет танкісі тақырыбы бойынша жасалған артефакт. Прага, 21 тамыз 2008 ж.
Алқызыл түсті әлеміш совет танкі Прага түбіндегі Лешаны ауылында тұрған Әскери-техникалық мұражайға апарып тасталды.
Алқызыл түсті әлеміш совет танкі Прага түбіндегі Лешаны ауылында тұрған Әскери-техникалық мұражайға апарып тасталды.
Қазақстан делегациясы Ольшанка зиратында совет жауынгерлерінің қабіріне тағзым етті. Ортада тұрған - соғыс ардагері Қаматай Тоқабаев. Прага, 9 мамыр 2010 ж. Ақсақал танкіні көре алмаған күйі кері қайтты.