Біздің ұжым да бетіңнен отыңды шығарады, жүзіңді күйдіреді. Әңгімелерінен жаның шаршайды, жүрегің білегіңнің етіндей талып кетеді.
– Ұлы жүз билікті берген емес! Орта жүзді тентіретіп жіберген біз – ысты, шапырашты, ошақты...
– Қырғызстандағы оқиға бізде болса – халықтың арасына іріткі түседі, ұлы жүз бен орта жүз қырқысып, бірін-бірі көрмей кетеді, ұлт ыдырайды!
– Албан жоқ қой қазір, сындырып тастады!
– Наймандар – шайтанның бір түрі!
– Ой, әрине, сен сөйтіп айтасың, жеріңді тартып алған жоқ па! – деп, көкіректеріндегі қоқымдарын бықсытып-қоқсытып ортаға келтіреді, барқылдап-тарқылдап барып тоқтайды. Әсілі, тоқтамайды – бір-екі сағаттан кейін қайталанатын «перекурға» қалдырады.
Бір қарасаң, кигендері – ХХІ ғасырдың шүберегі. Алды – 50-ге иек артқан, ең жасы – 20-ға жаңа жеткен (әйел-еркегі түгел осы әңгімеге құмар). Кейде әтеш қоқырай басталады. Түксиіп, артық сөзге барысып... Күнде осы! Мені осыдан құтқаратын адам бар ма? Күнде жұмысқа тақағанда құлақтары қалқайып, бастары жалпайып, әлгі қазақтар алдымнан шығады.
Бірде жұмыс іздеп бір жас бала келді. Шала бастықпен бірге тұрғам. «Жас баладан сұрамаса екен» деп іші-бауырым жиырылып барады. Бір замат әлгі сұрақтың иісі мүңк ете қалды:
– Қай жақтансың, руың кім?
Киіп кеттім (шыдамай, жарылып кеткен түрім):
– Сен Людмила Зыкинаны тыңдайсың ба?
Өз сұрағыма өзім таңданып тұрмын. Бірақ әлгі балаға алдыңғы сұрақ әлдеқайда маңызды болып шықты:
– Найманмын.
– Ә, шайтанмын де! (Мұны айтқан – шала бастығым!)
Құлағыма өлең тыңдайтын салпыншақты тығып алып, шеттей бердім. Жарты сағат ыржақай әрі аса эмоциялы (реніштері, қуаныштары теңбіл-теңбіл жүздеріне тебеді) әңгімелері біткен соң екеуі қасыма келді. Шала бастық сұрамай-ақ, құлағымдағы өлеңді жұлып алып, тыңдап тұрып тыржиды:
– «Издалека долго Течет река Волга...». Мен орыстың әнін, тем более халық әндерін тыңдай алмаймын.
Осы екі арада әлгі көдек бала маған:
– Сіздің руыңыз кім? – дейді аса бір ықыласпен қарап.
– Жалайыр.
Бір түрлі томсара қалды. О, тоба! Мені танымайды да. Ал шала бастықтікі тіпті қызық. Ертеңінде маған әрең амандасты. Жазығым не? Зыкина айтқан ән керемет еді ғой!!!
P.S. Зинһар, айтыңдаршы: қазақтың санасындағы шартты, мағынасыз түсініктер қашан жойылады? Адамға адам ретінде қашан қараймыз? Әр рудың ұраны бар еді – ұранға көтерілу ұмытылған да, мынауысы қалып қойған.
Түсінбейсің... Жынның сөзі, бақсының биі!
kondihul@yandex.kz