Стан мен қазақ сөйлесіп отыр. Әңгімелері әжептәуір жағымды.
Қазақ: Еһ! Азып барамыз...
Стан: Бұл мүмкін бе?
Қазақ: «Халқы биіне, биі халқына адал болсын» депті!
Стан: Немене?!
Қазақ: Ежелгі Түркі жазуын оқығаным бар.
Стан: Ия, біз түбінде соған көшеміз ғой.
Қазақ: Осы орыс тілі қосамжарлағанын қашан қояды?
Стан: Бола тұрсын! Бірақ мәңгілік емес.
Қазақ: Міне, қазақ тілі мемлекеттік тіл!
Стан: Несі айып? «Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас» деген – осы.
Қазақ: Біздің билікті жемқор дейді ғой?
Стан: Доғар! Мұндай сөзді енді айтпа!
Қазақ: Кедендік одақтан ұлтқа қауіп төнбей ме?
Стан: Осы сенің ойлап таппайтының жоқ екен...
Қазақ: Біздің ел Көк Түркілердей «Мәңгілік ел» құра ала ма?
Стан: Қазір құра бастады, сен ешнәрсе сезбеген екенсің.
Қазақ: Әйтеуір басқа бір алпауыт ел бізге билік құрмаса болды...
Стан: Ол сенің өз ойың, бос қиялың ғана.
Қазақ: Не де болса, Қазақ боп қалайықшы! Соған да шүкір етеміз.
Стан: Қалғанда қандай!
Қазақ: Қазақтар жерсіз, баспанасыз қаңғып қалмаймыз ба?
Стан: Ешқашан.
Қазақ: Қашан дамыған ел боламыз?
Стан: Асықпа! Оны да көресің, көрсетем.
Қазақ: Мен сен үшін жанымды берем, Отаным!
Енді осыны аяғынан басына қарай оқып көріңіз!
kaipsultan@gmail.com