Медеу аудандық соты Алматылық полицейлермен дауға келген қырғыз жүргізушісін кінәлі деп тауып, 425 мың теңге көлемінде (шамамен 2900 долларға жуық) айыппұл салды. Қыркүйектің 15-інен бері Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отырған қырғыз азаматы енді бұл соманы төлемей қаладан кете алмайды.
Осыдан екі ай бұрын қырғыз құқыққорғаушысы Александр Паленый Алматыда жол полициясымен болған дауды видеоға түсіріп, youtube-ке орнатқан еді.
Ал полиция өкілдері болса, «билік өкілдерінің ар-намысына көптің алдында нұқсан келтірді» деп Александр Паленыйды сотқа берген болатын. Полиция өкілдері бейнежазбада жүргізушінің балағаттағанын айтса, жүргізуші мұны жоққа шығарады. Бір жарым айға созылған сот процесіне қазанның 26-да нүкте қойылды. Сот оны қылмыстық кодекстің 320-шы бап, 2-ші бөлімі бойынша кінәлі деп таты.