Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша кеңсесі бүгін Қазақстан парламентінің сенатында мақұлданған дін туралы заң жобасын сынады.
Бүгін сенатта мақұлданған «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» жаңа заң жобасын қолдаушылардың айтуынша, ол діни экстремизммен күресуге көмектеседі. Қазақстанның діни істер жөніндегі агенттігінің жетекшісі Қайрат Лама Шариф заң жобасында елде діни ұйымдарды құру, мемлекеттік тіркеу, қайта құру және таратудың жүйелі тәртібі белгіленгенін, сондай-ақ енді діни бірлестіктің айқындалған мәртебесі болатынын айтады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша кеңсесінің басшысы Янез Ленарчичтің мәлімдеуінше, аталмыш заң жобасы діни бостандықты шектейді. Ленарчич Қазақстан билігін бұл заң жобасын қайта қарауға шақырды.