Еуразия одағын құру идеясы жүзеге аса бастады. Өткен аптада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық кеңістік құру туралы декларацияға қол қойылды. Қарашаның 24-і өткен Форумханада мұндай одақ Қазақстанға тиімді ме, жоқ па деген пікірталас өрбіді.
Қарашаның 24-і сағат 10.00 мен 21.00 арасында өткен Форумханамыз Еуразия одағы идеясына қатысты онлайн пікірталас тудырды. Оқырмандарымыз мынадай сауалдарға жауап жазып жатты:
1. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік одағы Еуразиялық кеңістік құруға негіз бола алатындай жетістікке жете алды ма?
2. Кез-келген саяси-экономикалық одаққа мүше болудан үміткер мемлекет алдымен бұл мәселені өз елінде жалпыхалықтық референдум арқылы шешіп жатады. Қазақстан ЕЭК-ке қосылу мәселесін қалай шешуі керек деп ойлайсыз?
3. Ресейдің әлдеқайда дамыған экономикалық-өндірістік кешендері мен ірі нарығына есік ашу Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі мен шағын және орта кәсіпкерлеріне қалай әсер етпек?
Осы тақырыпқа қатысты айтар ойларыңызды ортаға сала отырыңыз.