"Руханият" партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталин "Партия парламент депутаттығына түсетін өз үміткерлерін заңды түрде тіркеді" деп мәлімдеді. Бұл туралы бүгін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.
Кеше партияның бұрынғы төрағасы Алтыншаш Жағанова "Партияның қазіргі жетекшісі Серікжан Мәмбеталин партияның парламенттік сайлау алдындағы съезін заңға және партияның жарғысына қайшы түрде өткізді" деп мәлімдеме жасаған еді.
Ол партияның мөрі және басқа да құжаттары өзінде екенін айтып, партияның парламент депутаттығына ұсынып, өткізген үміткерлері заңсыз тіркелді деп санайтынын жеткізген. Осыған орай ол бас прокуратураға шағым түсіргенін де ескертті.