"Руханият" партиясының бұрынғы басшысы Алтыншаш Жағанова партия жетекшілеріне жала жапқаны үшін партия қатарынан шығарылды деп мәлімдеді бүгін баспасөз жиынын өткізген партия жетекшісі Серікжан Мәмбеталин.
"Кеше біз саяси кеңестің төтенше жиынын өткізіп, Алтыншаш Жағанованы партия қатарынан шығару туралы шешім қабылдадық. Себебі ол партиямен байланысын үзіп, партияның идеологиясын жоққа шығарды, партия басшыларын ғайбаттады" деді Серікжан Мәмбеталин.
Оның айтуынша, Жағанова ертең партияның мөрі мен құжаттарының түпнұсқасын тапсыруы тиіс.
Бұған дейін партияның бұрынғы төрағасы Алтыншаш Жағанова "Руханияттың" қазіргі жетекшісі Серікжан Мәмбеталин партияның парламенттік сайлау алдындағы съезін заңға және партияның жарғысына қайшы түрде өткізді" деп мәлімдеген еді.
Ол партияның мөрі және басқа да құжаттары өзінде екенін айтып, партияның парламент депутаттығына ұсынып, өткізген үміткерлері заңсыз тіркелді деп санайтынын жеткізген. Осыған орай ол бас прокуратураға шағым түсіргенін де ескертті.
Ал кеше Мәмбеталин "Партия парламент депутаттығына өз үміткерлерін заңды түрде өткізіп, тіркеді" деп мәлімдеді.