Қостанай облысының Жангелдин ауданында далада 543 киік өлі күйінде табылды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Қостанай орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы бастығы Марат Бегімбетов хабарлады.
Оның айтуынша, Жангелдин ауданында опат болған киіктердің 508 аналық, 31-і лақ және төртеуі теке. "Олардың ажалы броконерлер қолынан емес. Бірақ жұмыс тобы опаттың неден болғанын анықтап жатыр. Өлген киіктердің саны болашақта тағы өсуі мүмкін" дейді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, дүйсенбіде арнайы комиссия киіктер өлген аймаққа тікұшақтан тексеру жүргізген.
Дүйсенбіде осы ауданның Сорша ауылынан 20 шақырым жерде 120 киіктің өлі күйінде табылғаны хабарланған болатын.