Египеттің орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының екінші кезеңіне "Мұсылман бауырлар" қозғалысының үміткері Мұхаммед Мурси мен Хосни Мүбәрәк билігі тұсындағы соңғы премьер-министр Ахмед Шафиқтың өткенін хабарлады.
Сайлау комиссиясының басшысы Фарук Сұлтан Мұхаммед Мурсиге 5 миллион 760 мың адам, Ахмед Шафиққа 5 миллион 500 мың адамның дауыс бергенін хабарлады. Ресми дерек бойынша, сайлауға 50 миллион сайлаушының 46 пайызы қатысқан. Фарук Сұлтан екінші кезеңге өтпей қалған екі үміткердің сайлау нәтижелері бұрмаланды деген айыптауларды жоққа шығарды.
Сайлауға барлығы 12 үміткер түскен. Сайлаудың екінші кезеңі 16-17 маусымда өтеді.
Ақтық нәтиже 21 маусымда жарияланады.