Хосни Мүбәрәк өмірлік түрме жазасына кесілді
Your browser doesn’t support HTML5
Сенбі, 2 маусым күні Египет соты елді 30 жыл басқарған бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкті «шерушілердің өліміне қатысы бар» деп айыптап, өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарды. Экс-президенттің ұлдары Алаа Мүбәрәк пен Гамаль Мүбәрәкке, Хосни Мүбәрәктің тұсындағы қауіпсіздік қызметінің басшысына тағылған айыптарды алып тастау туралы үкімді оқыған соң оған наразы болған сот залындағы жұрт «Үкім жарамсыз!» деп айқайлап, оның соңы төбелеске ұласты.