Бүгін Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша 37 адамның үстінен жүріп жатқан сотта үкімі шыға бастады.
Жергілікті "Лада" газетінің хабарлауынша, үкімді оқып жатқан судья Аралбай Нағашыбаев алғаш болып айыпталушылар Ертай Ермұқанов, Жеңіс Бапилов пен Мэльс Сарыбаевты ақтады. Данат Мұрынбаев рақымшылықпен босатылды.
Бұдан соң айыпталушылар Карл Бекжанов - 2 жыл, Айбек Мұңайтпашев - 2 жыл, Әділбек Шамов - 3 жыл, Есенгелді Әбдірахманов 3 жылға сотталып, рақымшылық заңымен сотталып, босатылды.
Айыпталушылар Талғат Сақтағанов 4 жыл, Нұрлан Жарылғасынов 6 жыл, Роза Төлетаева 7 жылға сотталған. 2012 жылы қаңтарда ресми мәлімдеме жасаған Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев «Жаппай тәртіпсіздіктердің алты ұйымдастырушысы – Сақтағанов, Жарылғасынов, Ермұқанов, Досмағамбетов, Өткелов және Төлетаева анықталып, оларға қылмыстық кодекстің 241-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылды» деген болатын.
Ал 16 адам 2 жыл мен 3 жыл аралығындағы мерзімге шартты түрде сотталды. Олар - Жаңбыр Ерғазев, Пархат Дүйсенбаев, Жанайдар Өткелов, Сейсен Әспентаев, Мұратбай Жұмағалиев, Самат Қойшыбаев, Расул Мұхаммедов, Ислам Шамилов, Бауыржан Төлегенов, Нұрсұлтан Мұқашев, Жігер Аманжолов, Айжан Дүйсенбаева, Саламат Исаков, Әнуарбек Тәженов және Қайрат Қойшыбаев пен Серік Ақжігітов. Соңғы екі айыпталушыға 2 жылдан қосымша сынақ мерзімі кесілді.
Айыпталушы 12 адам 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Роза Төлетаева - 7 жыл (еңбекпен түзеу колониясына), Мақсат Досмағамбетов - 6 жыл, Нарын Жарылғасынов - 6 жыл, Қанат Жүсіпбаев - 6 жыл, Шабдал Өткелов - 5 жыл, Таңатар Қалиев - 4 жыл, Талғат Сақтағанов - 4 жыл (еңбекпен түзеу колониясына), Нұрлан Асқарұлы - 3 жыл, Марат Аминов - 3 жыл, Қайрат Әділов - 3 жыл, Жарас Бесмағамбетов - 3 жыл, Бауыржан Непес - 3 жыл, Мұрат Қосбармақов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұдан соң сотталғандардың үкіміне залдағы жұрт наразылық танытып, судьяға түрлі зат лақтырған соң судья Нағашыбаев залдан шығып кетті.