Швецияның бас прокуроры Кристер Петерссон ақпан айында Стромсунд қаласында танымал өзбек имамына жасалған қастандықтың тасасында Өзбекстанның арнайы қызметі тұруы мүмкін деп мәлімдеді.
Петерссон мұны имам Обидхон-қори Назаровқа жасалған қастандықты ұйымдастыруға қатысы бар деп айыпталған Өзбекстанның екі азаматының үстінен жүріп жатқан сотта айтты. Сот үкімі 26 шілдеде шығуы тиіс.
Обидхон-қори Назаров атылған оқтан үш жерінен жараланып, әлі күнге дейін ауруханада жатыр.
Назаров Швециядан 2006 жылы саяси баспана алған. Ол өзбектер арасында аса танымал, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың ең ықпалды саяси бәсекелестерінің бірі ретінде аталады.