Тбилисидегі түрме қызметкерлерінің сотталғандарға жасаған зорлық-зомбылық әрекеттері бейнеленген видео жария болғаннан кейін Грузияда қоғам наразылығының ықпалымен тағы бір министр - бұл жолы ішкі істер министрі Бачо Ахалая отставкаға кетті. Бұған дейін министрдің орынбасары болып істеген Эка Згуладзе жаңадан министр болып тағайындалды.
Ахалая өз мәлімдемесінде қамау мекемелеріндегі тұтқындарды азаптауға тосқауыл қоя алмағаны үшін өзінің моральдық және саяси жауапкершілігін сезініп отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты.
Бұған дейін дәл осындай себеппен Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрі Хатуна Калмахелидзе қызметінен кеткен еді.
Қыркүйектің 18-і күні кешке «Маэстро» және «ТВ-9» телеарналары түрме ішінде жасырын камерамен түсірілген бейнематериал көрсетті. Тбилиси мен өзге де қалаларда жұрт көшеге шығып сотталғандарға жасалған зорлық-зомбылыққа наразылық білдіріп, Бачо Ахалая мен Хатуна Калмахелидзені қызметтен босату туралы талаптар қойған.
Түрмедегі азаптау туралы видеоматериал Грузияда қазанның 1-і күні өткелі отырған парламент сайлауы қарсаңында жарияланды.