"Айырбасқа" түсе жаздаған алты жасар ауған қыз
Your browser doesn’t support HTML5
Пәкістанның Суат аймағында "суара" атты жергілікті дәстүр бойынша екі отбасы арасында туған дауды шешу үшін айырбасқа түсе жаздаған алты жасар Биби Розаның ісіне жергілікті билік араласты. Билік өкілдері "джирга" деп аталатын ақсақалдар кеңесінің шешімін орындатпай тастады. Мына видеода Биби Розаның туыстары Азаттық радиосына шағым айтып отыр.