Құқық қорғаушының анасы Ольга Колтунованың Азаттық тілшісіне айтуынша, желтоқсанның 7-і күні арнайы мамандандырылған қылмыстық істер бойынша Жамбыл облыстық соты қоғам белсендісі Вадим Курамшинді 12 жылға соттады.
- Сот 12 жыл берді. Қазір нашар сезініп тұрмын. Кейінірек хабарласыңыз, - деді Ольга Колтунова жұма күні Азаттық тілшісіне.
28 тамызда оны Тараз қалалық соты "өктемдік көрсетті" деп айыптап, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасымен босатқан еді.
Ал 31 қазанда Жамбыл облыстық апелляциялық соты тамызда шыққан шешімнің күшін жойып, оны қайта қамауға алуға рұқсет берген еді.
Вадим Курамшин – түрмедегі тұтқындардың құқықтарын қорғау қызметімен танылған белсенді.