Ақ үй сайтының азаматтық үндеулер парақшасында "Дима Яковлев заңын" қолдаған ресейлік депутаттарға қарсы санкция салуға шақырған азаматтардың үндеуі жарияланды.
Онда азаматтар "Магнитский тізіміне" Ресей президенті Владимир Путинді де қосуды сұрайды. Үндеуге қазірге дейін әлемнің әр түкпірінен 27 мыңнан астам адам қол қойды.
Ақ үй 30 күннің ішінде 25 мыңнан астам қол қойылса, бұл үндеуге жауап қатуға уәде берді. Үндеу туралы ақпарат ресейлік әлеуметтік желілерде де тарады. Үндеуде "Дима Яковлев заңына" қол қойған депутаттарды "Магнитский актісі" тізіміне қосуға шақырған.
Ресей думасы "Дима Яковлев заңын" өткен аптада қарады. Бұл заң ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуына тыйым салады. Ресей оппозициясы мен азаматтық қоғам өкілдері осы заң жобасына наразылық білдіріп жатыр. Заң жобасы 26 желтоқсанда Федерация кеңесінде дауысқа салынуы тиіс.