Алматы қаласы Медеу аудандық соты судьясы Гүлмира Бейсенова оппозициялық "Голос республики" басылымын экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салу туралы үкім шығарды деп хабарлайды сотқа қатысқан Азаттық тілшісі.
Сот "Голос Республики", "Республика деловое обозрение", "Вся республика" және басылымның Facebook-тегі парақшасын біртұтас ақпарат құралы деп танып, барлығының қызметіне тыйым салды.
Қарашаның 21-і күні Алматы қалалық прокуратурасы соттан сегіз оппозициялық ақпарат құралы мен 23 сайтты, оның ішінде «К-плюс» телеарнасын, «Взляд», «Голос республики» газеттерін, Stan.kz интернет-порталын және оларға тиесілі деп сипатталатын ондаған ресурстарды жабуды сұраған еді.
«Голос республики» газетіне қатысты процесс желтоқсанның 6-сында басталған. Соттың жарыссөз кезеңі кеше, 24 желтоқсанда өткен.
Судья сот шешіміне 15 күн ішінде шағым білдіруге болатынын айтты.