"Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымы журналист Тоқберген Әбиевтің "қоғам назарын өзіне аудару үшін жасырғанын" әдепке сай емес деп жариялап, оны ұйымның "қара тізіміне" қосты. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
Аbiyev.kz сайтының, «Закон и правосудие» баспасөз клубының жетекшісі Тоқберген Әбиев Астанада сыбайлас жемқорлыққа арналған баспасөз жиынын өткізу туралы мәлімдеген соң желтоқсанның 20-сы жоғалып кеткен еді.
Ал желтоқсанның 31-і күні Астана қалалық ішкі істер департаменті журналист Тоқберген Әбиевті тапқанын хабарлады. "Әбиевтің берген түсініктемелерінен ол жоғалуды қоғам мен билік органдарының назарын өзінің қызметіне аударту үшін өзі ұйымдастырғаны белгілі болды" деп хабарлаған еді ішкі істер департаменті.