Асыққан су тасушы водовозбын. Үйіне ауыл сыртындағы бұлақтан су әкеле жатқан қыз.Жүктеген Мадина Қайнарова.
Келешегіміз - құндақта жатқан сәбилер. Біз өскен саябақта енді біздің балаларымыз ойнайды.
Үйлену оңай - үй болу қиын. Үйге үйіп қойсаң да жетпейді. Енді "трактордай" жұмыс істеу керек. Жүктеген Жандос.
Қасиетті жердегі қасиетті түйеде. Асанқайғы мінген желмая Түркі елінің орталығы Түркістанға тоқтағандай. Жүктеген Жандос.
Бар екен таудан аққан таза бұлақ. Қазіргі заманда сусынның түр-түрі бар. Бірақ ауылдың баласы үшін бұлақ суына жетер еш сусын жоқ. Жүктеген Мадина Қайнарова.
Достар. Бізде бәрі жақсы болады. Өмірде сондай кереметтер жасауымыз керек, мағынасыз күндеріміздің орнын бассын! Жүктеген Мухтар Ахайбеков.
Балығым тайдай тулар ма? Өзен жағасында балық аулап жүрген бозбала. Жүктеген Мадина Қайнарова.
Туған жер табиғатының сұлулығына тебіреніп, шығармашылыққа шабыт алып отырған жас. Жүктеген Мадина Қайнарова.
Мұз құрсауды жарып шыққан азаттық. Астана қаласында, Есілдің жағасында. 20 жыл Тәуелсізбіз, 20 жыл Азаттыққа. Жүктеген Жандос.
Ауылым өр Алтайдың бөктерінде. "Үйрек-қазсыз көл жетім» демекші, күліп-ойнап жастар жүрмесе, ауылдың ажары тайғандай болады. Жүктеген Мадина Қайнарова.
Жеңістің тәтті сәті. Әуесқой бокстан ШҚО ашық біріншілігі. Менің жеңісті сәтім. Жүктеген Есболат Жанқанатов.
Аққұмшық. Таза топыраққа жатсаң да болады. Жүктеген Динара Тәңірбергенова.
Шекарашы бала. Бұл сурет Қытай мен Қазақстанның шекара сызығы кесіп өтетін Сүмбе өзенінің бойында түсірілген. Суреттегі бала – інім Бекзат Нұрболұлы(Бекзат Саттархановтай бокстан олимпиада чемпионы болсын деген ниетпен қойған болатынмын). Бүгінгі күні жалпы шекара саласында проблемалар көбейіп, түрлі жайттар орын алуда. Халық қоғамға «Енді шекарамызды кім қорғайды?» деген сауал да қоя бастады. Сол сауалдың жауабын мына сурет беретін секілді. Сіздер қалай ойлайсыздар... Жүктеген Қанат.
Күн ыстықта салқындаған қандай тамаша. Жүктеген Динара Тәңірбергенова