Huffington Post-тың жазуынша, халықаралық күштер Асад режиміне қандай амал қолданарын білмей әрі-сәрі күй кешіп тұр, ал қақтығыс бүкіл аймаққа жайылып барады.
Huffington Post басылымы Сирия төңірегіндегі бүгінгі әскери-саяси жағдайды талдай келе оны өткен ғасырдың соңындағы Ауғанстандағы ахуалмен салыстырады.
«ӨЗ ХАЛҚЫНА ҚАРСЫ СОҒЫС ЖАЛҒАСА БЕРМЕК»
Бессма Момани есімді сарапшы: «Дағдарыс жарылысқа айналмайынша, Сирияға сырттан шабуыл жасалмайды. Өкініштісі – бұл ел қазірдің өзінде 70 мың адамның өмірін жалмап, миллиондаған адамды босқынға айналдырған, инфрақұрылымға қисапсыз зиян келтірген азамат соғысының құрсауында қалды. Бірақ президент Башар Асадтың ашкөздігі аймақтық масштабағы қантөгіске ұласқанға шейін әуе бомбасынан бастап жақын қашықтыққа ұшатын химиялық қаруға дейінгі кез-келген құралды пайдаланып, өз халқын жаныштай беретін түрі бар» деп жазады басылымға шыққан сараптамасында.
Автордың пайымдауынша, Батыс елдерінің елдегі жағдайды әскери жолмен реттеуге құлықсыздық танытып отыруының да орынды себептері бар. «Әсіресе, Ауғанстаннан енді ғана кетіп жатқан АҚШ үшін Таяу Шығыста және бір шығыны көп соғысқа килігудің еш қиысыны жоқ». Батыс мемлекеттері билікке қарсы жасақтарды қаруландыру туралы бастамаға да күдіктене қарап отыр. Себебі Ауғанстандағы сияқты бұл қару экстремистер мен олардың жақтастарының қолына түсуі, не жолаушы ұшақтарына, басқа да азаматтық нысандарға қарсы қолданылуы ықтимал. Сарапшылар АҚШ-тың Ауғанстандағы қателігін еске алады. Моджахедтерге берген қару 10 жылдан кейін Талибанның қолына түсіп, ақырында 2001 жылы басталған террормен күрес операциясына зор кедергі келтіргені белгілі.
ШЕКТЕУЛІ ОПЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР
Қазіргі уақытта Сирияда билікке қарсы жасақтар ауылдық жерлерді және негізгі шекара бекеттерін бақылап тұр. Ал үкімет жасақтары Дамаск, Алеппо, Хама, Хомс сияқты ірі қалаларды уысынан жіберген жоқ. Оппозиция жасақтары бұл қалаларға кіре алмайды. Себебі үкімет әскері олардың қалаларға жақын келуіне мүмкіндік бермей келеді.
Осындай итжығыс жағдайдың қалыптасуына байланысты сырттан да, Батыс елдерінен де Асад режимінің қорғаныс нысандарын көздеуді мақсат ететін шектеулі әскери операциялар жүргізу туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Бұл операция «тиранияға жол берген режимді біржола құлату» немесе «химиялық қаруларды қолға түсіруді» көздеуі мүмкін. Дегенмен автор президент Асад жағдайды ушықтырған күннің өзінде Сирияға мұндай шабуылдың жуықта жасала қоятынына сенбейді. «Шектеулі операция» деген сөзді қолдану орынсыз екенін, себебі мұнда жаяу әскер кіргізудің және тікелей әскери интервенция жасаудың қажет болатыны айқын екенін жазады. Моманидің ойынша, Батыс елдері мұны жақсы біледі, сондықтан бұған қай жағынан болмасын араласқысы келмейді. Олар интервенция сәтті өтетініне, шығынның аз болатынына сенбейді. Бұлай күмәнданудың үш себебі бар.
ҮШ КҮМӘН
Бірінші себеп – ықтимал адам шығыны. Башар Асад режиміне қарсы шабуыл ең алдымен әскери қолбасылар құрылымын жою, ең басты барлау және байланыс нысандарын құрту үшін керек. Ел армиясы астананы қорғауға жұмылғандықтан, бұл маңызды нысандардың басқа қалаға көше қоюы екіталай. Ал Дамаск қаласында 5 миллионға жуық халық тұратынын ескерсек, мұндай шабуыл өте көп адам өліміне соқтыруы мүмкін. Мұның үстіне, Башар Асад әуе қорғанысын қамтамасыз ететін әуежайлардың барлығын дерлік бақылауда ұстап отыр, әрі олардың барлығы халық тығыз қоныстанған елдімекендерге жақын орналасқан. Сондықтан бұл әуежайлар үшін шайқаста көп адам шығын болуы мүмкін.
Екінші себеп – Сирияның күшті әуе қорғаныс жүйесі. Бұл елде күшті радар технологиясын пайдаланатын әуе қорғаныс күштері жұмыс істейді және ол бір орталыққа бағынатын барлау жүйесі мен әскери басқармаға қарайды. Елдің әскери нысандарының саны мен орналасқан жеріне қатысты нақты мәлімет болмағанымен, олардың көп екендігі және ірі елді мекендерде орналасқаны аян. Демек Сирияның әуе кеңістігін бақылау жолындағы ұрыс кескілескен қантөгіске айналуы мүмкін деген болжам бар.
Үшінші себеп – шабуылдауға батылы барған ел халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие бола алмайды. БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі Ресейдің шектеу қою саясатына АҚШ бастаған басқа державалар соншалық наразылық танытып отырған жоқ. БҰҰ-дағы бұл итжығыс АҚШ президенті Барак Обаманың да қолайына жағатын сияқты. «Президент [Обама] өзінің портфолиосына Таяу Шығыстағы тағы бір соғысты қосып алғысы келмейді. Елдегі қаржылық ахуал күрделі болғандықтан, мұндай соғысты қаржыландыруға АҚШ-тың шамасы жетпейді» деп санайды сарапшы.
«Бүгінгі Сирия 1998 жылғы Ауғанстанды еске түсіреді. Жағдай аймақтағы күштер ара-салмағына қатер төндіріп, үлкен соғысқа айналса ғана Батыс қазіргі сырттан бақылау ұстанымын қайта қарауы мүмкін. Дәл қазір тікелей әскери операцияның тәуекелі мен шығыны шеттен бақылау саясатын жүргізуге итермелеп отыр. Бірақ Сирияның барлық көршілері, одақтастары мен қарсыластары араласқан үлкен қақтығысқа дейін ушығуды күтетін болсақ, ол кезде шабуылдың бағасы бүгінгіден де зор болуы ықтимал. Және ол кезде халықаралық қауымдастықтың қандай да бір әрекеті сәтті жүзеге асарына деген үміт те азая түспек» деп қорытады сараптамасын автор.