Бішкекте тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымы бөлімшесінің күдікті жетекшісі ұсталды деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ұсталған азаматқа - Жалал-Абад облысынан шыққан 37 жастағы ер адамға (аты-жөні аталған жоқ) бірнеше айып тағылған. Олар - "ұлттық, нәсілдік және діни алауыздық тудырды, заңсыз қару сақтады, экстремистік материалдар таратты және экстремистік символдарды әдейі пайдаланды" деген айыптар.
"Хизб-ут-Тахрир" - орталығы Лондонда орналасқан сүнниттік саяси ұйым. Ұйым "барлық мұсылман елдерін ислам халифатына біріктіруді мақсат тұтатынын" айтады. Қырғызстан, Қазақстан және постсоветтік елдердің бірқатары "Хизб-ут-Тахрирдің" қызметіне тыйым салған.