"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасының өзгертілген нұсқасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жіберілді деп хабарлады бүгін мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова.
Депутаттар Назарбаевтың әйелдердің зейнет жасын 2018 жылдан бастап ұзарту туралы ұсынысын қолдаған. "Біз президенттің заң жобасының 11 бабының 1 тармағына зейнет жасын 2018 жылдан бастап өзгерту туралы қойған ветосын еңсере алмадық. Енді жоба бірден тіке президенттің қол қоюына жіберіледі" деген Гүлжан Қарағұсова.
7 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын парламентке қайтаратынын мәлімдеген еді. Ол әйелдердің зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруге наразылық туғанын айтып, әйелдердің зейнет жасын 63-ке бұрын айтылғандай 2014 жылдан бастап емес, 2018-2027 жылдар аралығында ұзартуды ұсынған.
Назарбаев бұдан өзге жұмыс істейтін әйелдерге олардың бала тууы мен бала күтімі кезінде мемлекет есебінен міндетті зейнетақы жарнасын төлеп отыруды да ұсынған.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов бұған дейін заң жобасын түсіндіру үшін аймақтарды аралаған еді. Наразылық тудырған мәселенің бірі әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке ұлғайту болған.
14 мамырда бұл реформаға наразылар сенатқа хат тапсырды. Оған дейін де кейбір қалаларда қарсылық акциялары өтті. Реформаны түсіндіру жұмыстары кезінде шенеуніктер мен жұрт арасында пікірталастар болды.
Қоғамдық белсенді Андрей Цуканов сәуірдің 26-сы зейнет реформасын түсіндіру үшін Алматыға келген министр Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырды.
Қазіргі сәтте Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 58 жаста шығады.