Жезқазғанда "Қазақмыс" компаниясының еншілес кәсіпорны "Қазақмыс Смелтингтің" жұмысшылары наразылық білдірді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне азаматтық белсенді Берік Жағыпаров хабарлады.
Оның айтуынша, Жезқазған мыс қорыту зауытының алдына 200-ге тарта жұмысшы жиналған. Жұмысшылар "Қазақмыс" аталған зауытты жабылуы мүмкін деп, жұмыстан қысқартуға наразылық білдірген. Жұмысшылармен кездесуге Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Ахметов пен "Қазақмыс Смелтинг" кәсіпорнының бас директоры Ғакім Ахметов барған.
Азаттық тілшісі оқиғаның мән-жайын білуге "Қазақмыс" корпорациясына хабарласқан еді. "Қазақмыс" корпорациясы жіберген жазбаша жауабында жұмысшылармен кездесуге зауыт басшылығы барғанын растады.
Басшылық компания күзден бастап жөндеу жұмыстарына байланысты зауыт жұмысын уақытша тоқтататынын айтады. "Ал жұмысшылар жөндеуге жабылған зауыт қайтадан ашылмай қалады деп қауіптенеді" делінген компания таратқан хабарламада. Кәсіпорын басшылығы жұмысшыларға зауытты жөндеу жұмыстарының жай-жапсары туралы түсіндірген.
"Жөндеу жұмыстары зауыттың жұмыс өндірісін кеңейту мақсатында жүргізіліп жатыр. Компания мыс қорыту зауытының жұмысшыларын қысқартуды жоспарлап отырған жоқ" делінген хабарламада.
Жағыпаровтың айтуына қарағанда, жұмысшылар "Қазақмыс Смелтин" басшысымен кездесуді қаламаған. "Олар "Қазақмыстың басқарма төрағасы Эдуард Огай және үкімет өкілі немесе депутаттардың бірімен бірге кездесуде талап етіп, он күннен соң қайта жиналатындарын айтып тарады" дейді белсенді.
Өткен аптада "Қазақмыс" мыс қорыту зауытын жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабатыны туралы хабарлаған еді.