Жаңаөзен оқиғасына қатысты бес жылға сотталып, Атырауда жазасын өтеп жатқан Роза Төлетаеваның қызы анасының денсаулығына алаңдап отыр. Бұл туралы Азаттық тілшісімен сөйлескен оның қызы Әлия Төлетаева хабарлады.
Оның айтуынша, анасы осыдан бір апта бұрын облыстық ауруханада дәрігерлік тексеруден өткен. Дәрігерлер Роза Төлетаеваға бауыр аденомасының көлемі 4 сантиметрге дейін ұлғайып кеткен деген диагноз қойған. Әлияның сөзіне қарағанда, сырқаты асқынып кетпес үшін көп жүруге, ойлануға болмайды, қан қысымы көтерілмеуі керек.
Әлия Төлетаева бұған дейін түрме басшылығы, қылмыстық атқару жүйесі департаментінда анасының денсаулығына мән бермегенін айтады. "Мен осы кезге дейін анамның денсаулығында кінәрат барын айтқанымда түрмеде де, қылмыстық атқару жүйесі департаментінде де ешкім сенбей жүрген. Енді осындай жағдайға жеткізді. Анамның денсаулығын қарайтын тәуелсіз дәрігер қажет" дейді ол.
Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті Азаттыққа 26 маусымда жіберген жауабында Роза Төлетаеваның 20 маусымда облыстық ауруханада хирург дәрігерінің кеңесінен өткенін айтады. "Дәрігерлер Төлетаеваға үш айда бір рет УЗИ тексерісінен өтіп тұруды ұсынған. Қазір денсаулығы бірқалыпты" дейді департамент.
2011 жылы Қазақстанның батыс өңірінде ереуілге шыққан мұнайшылардың құқықтарын қорғаған Роза Төлетаева өткен жылы маусымда 7 жылға сотталған еді. Ал тамызда апелляциялық сот оның жазасын екі жылға қысқартқан. Ол жазасын Атыраудағы Ук 157/11 әйелдер колониясында өтеп жатыр. Төлетаеваның денсаулығы нашар екені бұған дейін де айтылған еді.