Америкалық әнші Дженнифер Лопес Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күнінде ән салғаны үшін Human Rights Foundation құқық қорғау ұйымының сынына ұшырады.
29 маусымда Бердімұхамедов 56 жасқа толған туған күнін Каспий теңізінің жағасындағы "Аваза" курортында атап өткен. Оның туған күнінде Лопеспен бірге ресейлік әнші Филипп Киркоров, түркиялық әнші Мұстафа Сандал және ливандық әнші Нэнси Аджрам концерт қойды. Лопес Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, "Туған күніңізбен, президент мырза" деген ән айтқан.
Human Rights Foundation ұйымының директоры Тор Халверсон арнайы жасаған мәлімдемесінде "Лопес ақша табу үшін қай диктатордың алдында ән салса да өз еркі. Бірақ әншінің бұл әрекеті оның Amnesty International ұйымымен бірге Мексикадағы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою бағдарламасына қатысатынына қайшы келеді" деді.
Лопес Түркіменстанға барған батыстық ең танымал әнші болып отыр. Оның сапарын түркімен газын Қытайға тасымалдайтын қытайлық China's National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясы ұйымдастырған.
Бұған дейін халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Түркіменстанды "әлемдегі ең репрессивті режимдердің бірі" деп атаған еді.
2011 жылы Голливуд актрисасы Хиллари Суонк Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 35 жасқа толған туған күнінде ән салғаны үшін өкініш білдіріп, кешірім сұраған.
2011 жылы Қазақстанда мұнайшылардың ереуіліне қолдау ретінде британдық әнші Стинг Астана күніне арналған концертке келмеген еді.