Мәскеу соты 2009 жылы абақтыда қайтыс болған заңгер Сергей Магнитскийді салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпты деп таныды.
Hermitage Capital инвестициялық қорында жұмыс істеген Магнитский 37 жасында абақтыда ұрып-соққаннан соң, медициналық қызмет көрсетілмеген күйі қайтыс болған еді. Магнитскийге 2008 жылы Ресей шенеуніктері мен полицияның 230 миллион АҚШ доллары көлеміндегі салықты жымқырғанын әшкере еткен соң "салық төлеуден жалтарды" деген айып тағылған. Тергеу деректері бойынша, Сергей Магнитский инвестициялық қор басшысы Уильям Браудердің нұсқауы бойынша "салықтан жалтарудың жоспарын құрған".
Заңгердің 11 ай түрмеде отыруы мен соңында абақтыда қайтыс болуы халықаралық қауымдастықтың наразылығын тудырған. АҚШ тіпті Ресейдің Магнитский ісіне қатысы бар деген шенеуніктеріне қарсы санкция да салды.
Сот қор басшысы Уильям Браудерді "17 миллион АҚШ доллары көлемінде салық төлеуден бас тартты" деп айыптап, сырттай тоғыз жылға соттады.
АҚШ-та туған ұлыбританиялық инвестор Уильям Браудер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар деген ресейлік шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты істерін әшкерелеп жатыр.
Браудер қазір Ұлыбританияда тұрады. Интерпол Браудердің ісінде саяси астар бар деп жабылған соң оған халықаралық іздеу жариялаудан бас тартқан.