Бүгін Алматыда полиция Қазақстан оппозициялық белсенділер "демократиялық күштер жиыны" деп атаған іс-шараны өткізуге рұқсат бермеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Жиынға республиканың түрлі облыстарынан оппозиция өкілдері, белсенділер келген. Жиналғандар саны шамамен 30 шақты адамды құрайды.
Жиынға келгендер Абай мен Достық даңғылдарының қиылысында жиналып, автобуспен Луганский көшесінің бойымен қаланың жоғары жағына қарай орналасқан "Көктөбе" санаторийінде өткізбекші болып сонда барған. Алдын-ала жиынға келісім беріп қойған санаторий әкімшілігі жиын өтетін уақытта бұдан бас тартқан.
Бұл жерде де жиынға рұқсат берілмегендіктен, енді белсенділер жиынды басқа жерде өткізу жайын қарастырып жатыр.
Жиынды ұйымдастырушылар соңғы сәтке дейін жиын өтетін орынды жарияламаған болатын.
Бұдан алдын Алматыдағы демократиялық күштер жиынына келмек болғандарға тергеу күшейтілгені хабарланған. Аймақтардан қолдаушыларын шақырып, Алматыда жиын өткізуді жоспарлаған оппозициялық белсенділер «қатысушылардың келуіне қаржы полициясы кедергі жасады» деген еді.