Ақтөбеде журналист Игорь Ларраны соққыға жықты деген күдіктілердің бірі ұсталды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің жұма күні хабарлауынша, Алға қаласының 27 жастағы тұрғыны үш серігімен бірге "көшеде кетіп бара жатқан масаң адамды тонамақ болғандарын мойындаған". Ұсталған күдіктіден журналистің жоғалған ұялы телефоны табылған. Қазір полиция өзге үш күдіктіні іздеп жатыр.
Guljan.org сайты, Assandi times және «Свобода слова» газеттерінің Ақтөбедегі тілшісі Игорь Ларраны 20 тамызда, сағат 23:00 шамасында Ақтөбе қаласында белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен еді. Журналист шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады.
Бірақ Ақтөбе облыстық полициясы шабуылды "журналистің кәсіби қызметімен байланысты емес, белгісіз бұзақылардың әрекеті" деп мәлімдеген.
Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Игорь Ларраны соққыға жыққандарды дереу тауып, жазалауға шақырған.