Пәкістанда қыздардың сауат ашуын қолдаған шараларға қатысқан 14 жастағы блогер қыз, "Талибан" сарбаздары қастандығынан аман қалған Малала Юсуфзай балаларға арналған халықаралық бейбітшілік сыйлығына ие болды.
Нидерландының балалар құқығын қорғайтын Kids Rights ұйымы сейсенбіде Юсуфзайдың 2013 жылғы бейбітшілік сыйлығын алғанын хабарлады. Ұйым 100 мың еуроны құрайтын сыйлықты Юсуфзайға 6 қыркүйекте Гаагада береді. Сыйлықты 2011 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегері, Йемендік Тавакул Карман тапсырады.
16 жастағы Малала Юсуфзай өзі тұратын Пәкістанның солтүстік-батысындағы Сват алқабында "Талибан" қозғалысының шариғат заңдарын орнату әрекеттерін сынап, осыдан бес жыл бұрын блог жаза бастаған еді. Өткен жылы қазан айында Пәкістанның солтүстік-батысында Малала мен оның екі сыныптасына мектептен қайтып бара жатқанда "Талибан" сарбаздары шабуыл жасады. Мойны мен басына оқ тиіп, ауыр жараланған Малала Ұлыбританияда емделген.
Шілде айында ол БҰҰ-ның жастар ассамблеясында сөйлеп, әлем елдері басшыларын әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға шақырған.
Қазір ол Ұлыбританияда тұрып жатыр.