Далат қаласындағы ең биік белестердің біріне орнатылған Будда мүсіні.
Далат қаласы биік тау жотасында орналасқан. 27 шілде 2013 жыл.
«Нақұрыс үй» - Далатқа келген туристер соқпай кетпейтін орындардың бірі. Қалыптан тыс үйдің құрылысы вьетнамдық жоғары лауазымды бір шенеуніктің қызының жобасы бойынша салынған.
Далат қаласына "тұмандар қаласы" деп аталатын жерден өтіп, бұралаң тау жолымен (серпантин) жетесіз.
«Пошану мұнараларын» 8-ғасырда Вьетнамның оңтүстігінде өмір сүретін тьям халқы тұрғызған. Бұл мұнараларды қызыл кірпіштен салған, кірпішті бір бірімен байланыстырған қоспаның құрамын әлі күнге дейін біле алмай келеді.
Мұнаралар тұрған Биньтхуан провинциясы бір кездері тьямдар мемлекеті - Тямпа патшалығының жері болған. Бірақ солтүстіктен келген вьеттер ол патшалықты күйретіп, жерін жаулап алған.
Тьям мұнарасының ішіндегі құрбандық қалдыратын үстел. Тьямдықтар құдайларының мейірімін жібіту үшін осында өздері әкелген майшамдар, сый-сияпаттар мен гүлдер қалдырады.
«Тьямның Пошану мұнаралары» ғибадатхана кешенінен қарағанда теңіз жағалауының көрінісі.
«Тьямның Пошану мұнаралары» ғибадатхана кешеніндегі тастан қашалған мүсіндер.
Қыштан күйдіріп жасалған тьям құдайларының шағын мүсіндері.
Тастан жасалған кеме макеті. «Тьямның Пошану мұнаралары» ғибадатхана кешеніне жергілікті зергерлер мен шеберлердің қолынан шыққан көптеген бұйымдар қойылған.
Маңайындағы ауылдардың тұрғындары «Тьям мешіті» деп атайтын ғимарат. Оның архитектурасы мен сыртқы пішіні Вьетнамда кездесетін будда пагодалары мен католиктердің костелдерінен өзгеше.
Жергілікті тұрғындар «Тьям мешіті» деп атайтын ғибадатхананың ішіне қойылған Тьям патшасы мен оның әйелінің мүсіндері.
Түрлі-түсті құм шағылдарының арасымен өтетін бұлақтың табанындағы қара дақтар - осы маңда өндірілетін титан кенінің белгілері.