Қырғызстанның Ыстықкөл облысында бүгін жүздеген адам Жеті-Өгіз ауданындағы Саруу және Дархан ауылдарына баратын жолды жауып тастады.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, наразылар "Құмтөр" алтын кенішін шетелдік компанияның иелігінен мемлекет меншігіне алуды талап етеді. Наразылық танытушылар жолдағы әрбір көлікті тексеріп жатыр.
Толқу туған аймақты әуеден екі тікұшақ бақылап жүр. Бұл шерушілердің наразылығын тудырған. Олар егер полиция өздерін қуып таратса, тойтарыс беретіндерін ескертті.
7 қазанда облыс орталығы Қарақолда да ондаған адам "Құмтөрді" мемлекет меншігіне қайтаруды талап етіп, облыс губернаторы Эмилбек Қаптағаевты кепілге алған еді. Полиция жиналғандарды күшпен таратып, Қаптағаевты босатып алған.