Иcпания жоғарғы соты Қазақстан азаматы Александр Павловты отанына экстрадициялау туралы алдыңғы сот шешімін мақұлдады.
Оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовтың бұрынғы оққағары Александр Павловты Астананың сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадициялау туралы шешімді Мадрид соты 22 шілде күні мәлім еткен. Қазақстан бас прокуратурасы Интерпол арқылы халықаралық іздеу жариялаған Павлов биыл сәуір айында Испанияда тұтқындалған.
Қазақстан билігі оған «қаржылық алаяқтық» және «терроризм» бойынша айыптар таққан. Бірақ адвокаттары бұл айыптаулар негізсіз деп санайды.
Жұма күні Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы Испания үкіметін Қазақстанда «азаптау күтіп тұрған» Павловты экстрадицияламауға шақырды.
2013 жылы 31 шілдеде Украинаның сұрауы бойынша Францияда ұсталған Мұхтар Әблязов қазір сол елде қамауда отыр. Франция оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарап жатыр. Қазақстан үкіметі оған 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деген айып таққан. Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеп келеді.