Украина Радасының депутаттары кезектен тыс сессияда бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың шетелде емделуіне рұқсат ететін заң жобасын мақұлдай алмады.
Парламент отырысына Еуропа Одағының (ЕО) арнайы өкілі Александр Квасьневский мен Пат Кокс қатысқан. Квасьневскийдің журналистерге айтуынша, парламенттің 19 қарашада өтетін келесі отырысы Киев үшін ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қоюдың "соңғы мүмкіндігі" болмақ.
Украина ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қою үшін қабылдауы қажет құжаттар арасында сырқатқа ұшыраған Тимошенконың Германияда емделуіне мүмкіндік беретін заң жобасы да бар.
ЕО 13 қарашаға дейін Юлия Тимошенконы босату мәселесі шешілмесе ассоциация туралы келісімді тоқтататынын ескерткен. Квасьневский мен Кокс жағдайды ЕО-ға жеткізбек.