Қазақстанда "пара берді" деген айыппен алты жылға сотталған Украинаның әскери техникаларды экспорттайтын мемлекеттік "Укрспецэкспорт" компаниясының екі қызметкері жазаларын өз елдерінде өтейтін болды. Украина әділет министрлігінің хабарлауынша, екі ел билігі "Укрспецэкспорт" компаниясының қызметкерлерін таяу уақытта Украинаға этаппен жөнелтуге келіскен.
Компания қызметкерлері Александр Школяренко мен Александр Хрулев биыл қаңтарда тұтқындалған еді. Екеуіне ҰҚК шекара қызметінің АН-72 ұшағы және басқа да әскери техникаларды жөндеу келісімдеріне қатысты Қазақстан қорғаныс министрлігінің қару-жарақ бас басқармасының бастығы генерал Алмас Асеновке 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген айып тағылған.
Асенов те тұтқынға алынып, шілдеде 11 жылға сотталған. Қыркүйекте Алматы соты үкімді күшінде қалдырған.
Шекара қызметінің ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Шымкентте апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы барлық 27 адам қаза тапты. Олардың арасында шекара қызметі басшысы Тұрғанбек Стамбековтен бастап басқа да лауазымды тұлғалар болған.