Ресей президенті Владимир Путин елде сотталған бірқатар тұтқындарға рақымшылық жасауға келісті. Путиннің айтуынша, ауыр қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілінбейді. Рақымшылық жасалған жағдайда, Pussy Riot панк тобының сотталған мүшелері мен Greenpeace экологиялық ұйымының белсенділері босатылуы мүмкін.
Ресей президентінің сөзінше, рақымшылық "бүгін қылмыс істеп алып, ертең мемлекеттің жазасын кешіруін күтіп отыру үшін" жасалмайды, ол үкіметтің "адамгершілігін" көрсетеді. Рақымшылық жариялау мәселесі Путиннің адам құқықтары жөніндегі өкіл (омбудсмен) Владимир Лукинмен және президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңестің басшысы Михаил Федотовпен кездесуінде талқыланған.
Федотовтың айтуынша, рақымшылық Greenpeace белсенділеріне, бұрынғы олигарх Михаил Ходорковскийге, оппозиционер Алексей Навальныйге жасалуы мүмкін. Pussy Riot панк тобының әншілері Надежда Толоконникова мен Мария Алехина да рақымшылыққа ілігуі ықтимал.
Рақымшылық туралы заң жобасын мемлекеттік дума мақұлдауы тиіс.