Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева 27 желтоқсанда Италияға барды. France Press агенттігінің хабарлауынша, Алма Шалабаева мен оның 6 жасар қызы Римде Италия сыртқы істер министрі Эмма Бониномен кездескен.
24 желтоқсанда Қазақстан құқық орындары Алма Шалабаеваға ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ұстау шартын өзгертіп, шетелге шығуына рұқсат берген соң Эмма Бонино оның Италияға қайтып баруына көмектескен.
Шалабаева журналистерге Италияда қалу, я қалмау жайын әлі шешпегенін және күйеуімен бірге болудан үмітті екенін айтқан.
Мұхтар Әблязовтың әйелі мен кәмелетке толмаған қызы Қазақстанға биыл маусым айының басында әкелінді. Депортацияның алдында оларды Италия полициясы арнайы операция жүргізіп тұтқындаған. Кейінірек Италия үкіметі бұл депортацияның заңсыз екенін мәлімдеп, оқиғаға байланысты Италия ішкі істер министрлігінің шенеунігі кінәсін мойындап, жұмысынан босатылды. Шалабаеваның депортациясы туралы іс Италия парламентінде қаралып, бұл оқиға Италия ішкі істер министріне сенімсіздік жариялау тәралы мәселе қозғауға түрткі болды.
Бұрынғы банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынайтын Мұхтар Әблязовты Қазақстан үкіметі "экономикалық қылмыстар жасады" деп айыптайды. 2013 жылы маусымның 31-і күні Францияның Муан-Сарту қаласында ұсталған Әблязов қазір сол елде қамауда отыр. Қазақстан, Ресей және Украина оны Франциядан экстрадициялауды сұраған.
Мұхтар Әблязов өзіне қарсы қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеген.