Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрды делінген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қоғалды.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Рысқалиевтің серіктерімен байланысты "СнабОйлСтрой" компаниясының лауазымды өкілдерінің үстінен "салықтан жалтару" бабы бойынша іс қозғалған. Компания өкілдеріне 2005-2009 жылдары кіріс пен шығыс туралы жалған ақпарат беріп, бюджетке 160 миллион теңге салық төлеуден жалтарған деген айып тағылған.
Бергей Рысқалиевтың үстінен бұған дейін "бюджет қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деген айыптар тағылып, тұтқынға алу туралы санкция шыққан. 2013 жылғы қаңтар айында оған іздеу жарияланған.
Бұған дейін Қазақстан қаржы полициясы "Рысқалиев пен ол ұйымдастырған топ өкілдері жасаған ауыр және аса ауыр коррупциялық, экономикалық қылмыстардан мемлекетке 71 миллиард теңгеден астам зардап тигенін" хабарлаған еді.
«Рысқалиев тобы» мүшелерінің үстінен қозғалған іс бойынша алдын-ала сот тыңдауы 24 желтоқсанда өткен.