Уч-Дере ауылының жанындағы қоқыс үйілген тұстан Бихта өзені ағады. Бұл жердегі полигон совет кезінде ашылған.
Полигонның дәл жанында үш елді мекен – Уч-Дере, Лоо және Атарбеково ауылдары орналасқан.
Қоқыс жатқан жердегі шалшық су.
Бұл жерге қоқыс төгуге қарсы азаматтық белсенділік танытып жүрген Рита Кравченко қоқыс-қалдықты заңсыз төгу әлі күнге дейін тыйылмай отырғанын айтады. Соның салдарынан Бихта өзені ластанып, ол құятын теңізге шомылуды да қойдық дейді Уч-Дере ауылының тұрғыны.
Үйілген қоқыс қазір шіріп жатыр. Тұрғындар одан айналаға тарайтын бу улы деп қауіптенеді.
Уч-Дере ауылының іргесіндегі тоғай.
Рита Кравченко қоқыс жатқан маңдағы бұлақ суын көрсетіп тұр.
Уч-Дере ауылының маңындағы көл. Бұрын бұл маңда түрлі жеміс ағаштары өсетін бақ болған.