"Ресей банкі" 27 қаңтарда 1 миллиард АҚШ долларын сатты. Банк 2011 жылғы қазаннан бері елдегі валюта нарығына мұндай көлемде интервенция жасамаған. Бұл туралы бүгін қаржы нарығындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған "Ведомости" және "Коммерсант" басылымдары жазады.
Басылымдардың жазуынша, соңғы аптада ресейліктердің еуро мен долларға сұранысы бірнеше есеге артқан.
ВТБ банкінің хабарлауынша, 20 қаңтардан бері еуро мен долларды сатып алу төрт есеге артқан.
Ірі банктің нарыққа 1 милиард АҚШ долларын шығаруы Мәскеу қор биржасында еуро мен доллар бағамының күрт көтерілуіне жол бермей отыр. Бірақ еуроның рубльге шаққандағы курсы 47 рубльді құрап, бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.
Ресей билігі рубль бағамы әдейі құнсыздандырылып жатыр деген айыптауларды жоққа шығарады. Экономикалық даму министрі Алексей Улюковтың айтуынша, рубль бағамының әлсіреуі - қалыпты жағдай. Ал "Ресей банкі" басшысы Эльвира Набиуллина кеше "Рубль арзандап жатқан жоқ, керісінше еуро мен доллардың дамушы елдердегі құны көтеріліп жатыр" деген мәлімдеме жасаған еді.