Обаманың жолдауы
Your browser doesn’t support HTML5
АҚШ президенті Барак Обама халқына жолдауында --> http://www.azattyq.org/archive/news/20140129/330/330.html?id=25245995 Гуантанамодағы түрмені жабу қажеттігін айтты. «Биыл конгресс тұтқындарды ауыстыруға қатысты шектеулерді жойып, Гуантанамодағы түрмені жабуға тиіспіз, себебі біз терроризмге қарсы барлау және әскери іс-қимылдардың көмегімен ғана емес, сонымен бірге өзге әлемге үлгі боларлық конституциямыздың идеалдарына адал бола отырып күресеміз» деді Обама. Ол АҚШ-тың шетелдік әріптестерімен күш біріктіріп, террористік ұйымдарға қарсы мақсатты күресті белсенді әрі табанды түрде жүргізе беретінін мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта, әскерилер мен азаматтарымыздың біздің бостандығымыз үшін атқарып жатқан жанқиярлық еңбегінің арқасында АҚШ қауіпсіздігі арта түсті» деді Обама.
Сонымен бірге, Ақ үй басшысы Иранға ядролық бағдарламасын бейбіт реттеуге мүмкіндік беру керектігін айтып, ондай келісімге қол жеткізуге үміт бар кезде конгрестің Иранға жаңа санкциялар енгізетін кез-келген бастамасына вето қоятынын да ескертті. Вашингтон, 28 қаңтар 2014 жыл.