Украина парламенті орыс тілі және өзге де ұлттық азшылықтар тілдері қолданысын кеңіткен даулы заңның күні жойды.
Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады. "Мемлекеттік тіл саясаты қағидаттары туралы" заң 2012 жылы президент Виктор Януковичтің Аймақтар партиясының ұсынуымен қабылданған еді.
Осы заң бойынша украин тілі - бірден бір мемлекеттік тіл, орыс тілі Қырым тәрізді шығыс және оңтүстік облыстарда аймақтық ресми тіл ретінде бекітілген. Киевте және басқа да қалаларда адамдар осы заңға қарсылық білдіріп, парламентте төбелес те болған. Оппозиция заңды "антиукраиналық" деп бағалады. Януковичтің орыс тілін ана тілі ретінде қабылдайтыны айтылған.
Парламент Янукович биліктен шеттетілгеннен кейін бір күннен соң, жексенбіде тіл туралы заңның күшін жоюға дауыс берді.
Күшін жойған заң ұлттық азшылықтар 10 пайыздан асатын аймақтарда ресми түрде қостілділік мүмкіндігін қарастыратын.
Одесса облыстық және қалалық кеңесі, Харьков, Херсон, Николаев, Запорожье, Севастополь, Днепропетровский, Луганский қалалық кеңестері, Луганский облысындағы Краснолучский қалалық кеңесі, Запорожье, Донецк, Херсон, Николаев және Днепропетровский облыстық кеңестері орыс тілін аймақтық тіл ретінде мойындап, шешім қабылдап үлгерген.
Закарпат облысы Берегово қаласында - венгр тілі, Черновицк облысындағы Тарасовцы селосында - молдова (румын) тілі ресми тіл болып бекітілген. Румын тілі Закарпат облысы Рахов ауданы Белая Церковь селосында да аймақтық тіл мәртебесін иеленген.
Ендігіде елде 1989 жылы Украина ССР-і қабылдаған тіл заңы күшінде қалып отыр.
Украина президентінің қызметін атқару Жоғарғы Раданың қазіргі спикері, "Батькивщина" партиясының депутаты Александр Турчиновке тапсырылды.